30 шілде 2024
/ Евразия
Қырғызстанда ерікті және мәйіт донорлығын талқылап жатыр
Қырғызстанда ерікті және мәйіт донорлығын енгізу мәселесі талқылануда. Республиканың денсаулық сақтау министрі донорлық органдардың тапшылығы республикадағы шешуді қажет ететін өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті. Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиев билік елде ерікті және мәйітті донорлыққа рұқсат бермекші деп мәлімдеді. Қазіргі уақытта трансплантацияға тек туыстары ғана донор бола алады.