8 шілде 2024
/ Новости Казахстана
Тасқын: Макинск қаласының тұрғындары баспаналы болды
Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинск қаласының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына 11 жаңа үй сатып алынды. Үйлері су тасқынынан зардап шеккен Макинск қаласының тұрғындарына кілттерді Бұланды ауданының әкімі Ардақ Смайылов табыс етті. Бұланды ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл іске Болат Өтемұратов атындағы қор көмектесіп, 11 жаңа үй алуға қаржылай демеушілік көмек көрсетті.