21 қазан 2024
/ Евразия
Түркіменстанда мал шаруашылығы дамудың жаңа деңгейіне көтерілді
Түркіменстанда мал шаруашылығы дамудың жаңа деңгейіне көтерілді. Республика кәсіпкерлері ірілі-ұсақты мал басын көбейтуге атсалысуда. Ауыл шаруашылығы өндірісі мен кәсіпкерлікті жан-жақты дамыту Түркіменстанның әлеуметтік-экономикалық саясатының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Тиімді мемлекеттік қолдау, табиғи жағдайлар, жинақталған тәжірибе, заманауи фермалар салу және инновацияларды енгізу мал шаруашылығымен айналысатындардың табысты жұмыс істеуіне тамаша мүмкіндіктер туғызады.