
13 мамыр 2024
/ Новости Казахстана
38 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында мамандық игерді
2024 жылдың басынан бері 38,2 мың азамат, оның ішінде 21,8 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында (бұдан әрі – Платформа) онлайн-курстардан өткені туралы сертификат алды. Платформада барлығы 408,3 мың қазақстандық тіркелген, оның 51,6 мыңы – 2024 жылы тіркелді.