2 сәуір 2024
/ Новости Казахстана
«Манипуляция шебері». Назым Қаһарман Бишімбаевтың «шындығы» туралы
2 сәуір, Астана қаласында Бишімбаев ісі бойынша кезекті сот отырысы кешке дейін жалғасты. Бишімбаевқа сөз беріліп, экс-министр Нүкеновамен өткен бір жылдық отбасылық өміріндегі барлық жайсыз оқиғаға марқұм әйелін кінәлап, өзін «сол қорлыққа шыдаған құрбан» ретінде көрсетуге тырысқан. Сот отырысынан кейін әлеуметтік желілерде Бишімбаевтың қоғамға, сот отырысындағы алқабилерге манипуляция жасалып жатқаны туралы көптеген жазбалар тарады. Бишімбаевтың бұрынғы әйелі де бұл тақырыптан шет қалмады.