27 сәуір 2024
/ Новости Казахстана
Мәслихат депутаты нан бағасын 500 теңгеге дейін көтеруді ұсынды
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Мейрамбек Дөненбаев нан бағасын 500 теңгеге дейін көтеруді ұсынды. Депутаттың айтуынша, қазір нанның бағасы тым төмен болғандықтан, халық бұл өнімді бағаламайды. Ол адамдардың ас атасын жиі лақтыратынына қынжылды. Мәслихат депутаты Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын көтеру арқылы жергілікті өндірушілерге қолдау көрсетуге болады деген ойын бөлісті.