18 қыркүйек 2024
/ Новости Казахстана
Ақмола облысында есепші ірі көлемде қаржы жымқырған
Степногорск қаласының прокуратурасы мемлекеттік мекеме бухгалтері ірі көлемде қаржы ұрлағанын анықтады. Ақмола облысының прокуратурасы хабарлағандай, есепші екі жыл бойы депозиттік шоттың ақшалай қаражатын мақсатсыз жұмсаған және мемлекеттік сатып алудың қатысушы болып есептелмейтін тұлғаға заңсыз аударған.