4 қазан 2024
/ Новости Казахстана
Талдықорған: Қызылтас петроглифтері мемлекет қорғауына алынды
Жетісу облысындағы Қызылтас петроглифтерін жергілікті маңызы бар қорғалатын тарихи-мәдени нысандар тізіміне енгізу туралы тақта орнатылды. Экологтердің бастамасымен «Тасбақа» тас пен жартастағы петроглифтерді сақтау үшін ауқымды жұмыс атқарылды. Петроглифтер тұрған жерлерде диорит өндіруге тыйым салынған. Тарихи орында «Қызылтас – тасбақа» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Шараға шенеуніктер, қоғам белсенділері, эко-еріктілер қатысты.