19 наурыз 2024
/ Новости Казахстана
Мемлекет құпиялары басқа елдерге қатаң түрде Үкімет шешімімен беріледі
Қазақстанда мемлекеттік құпияларды және оларды тасымалдаушыларды шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарға беру ережелері өзгертілді. Тиісті қаулыны ҚР Үкіметі жариялады. «Осы қағидаларда мемлекеттік құпияларды шет мемлекеттерге және (немесе) халықаралық ұйымдарға беру оларды шет мемлекетке немесе халықаралық ұйымға ресми жолмен жеткізуді білдіреді», - делінген құжатта.