мемлекеттік сапар

мемлекеттік сапар - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【мемлекеттік сапар】 жаңалықтар Arbat media
3 шілде 2024 / Новости Казахстана

Тоқаев Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді. Әңгіме барысында Мемлекет басшысы ШЫҰ саммитіне қатысуға келгені үшін Владимир Путинге ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Ресейдің «шанхай рухын» нығайту ісіне және ұйымға мүше елдермен көпжақты ынтымақтастықты дамытуға айтарлықтай үлес қосқанын атап өтті. 

2 шілде 2024 / Евразия

Қытай басшысы Тәжікстанға мемлекеттік сапармен келеді

Қытай президенті республика президенті Эмомали Рахмонмен екіжақты келіссөздерге қатысады. Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Тәжікстанға мемлекеттік сапармен бармақшы - ол 4-6 шілде аралығында республикада болады. Қытай басшысы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен екіжақты келіссөздер жүргізуді жоспарлап отыр. 

2 шілде 2024 / Новости Казахстана

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанаға мемлекеттік сапармен келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды. Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп тұрды. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай халықтарының шынайы достығының белгісі ретінде балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетті. 

30 маусым 2024 / Новости Казахстана

Қазақстанға ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келеді

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Биылғы 2-4 шілде күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.