8 шілде 2024
/ Мир
Алаяқтық: Boeing өзіне тағылған айыпты мойындады
Boeing компаниясы өздері шығарған және 2018-2020 жылдары құлаған екі ұшақ ісі бойынша өзіне тағылған қылмыстық алаяқтық әрекетті мойындады. Елдің әділет министрлігінің мәлімдеуінше, әуе компаниясы 243,6 млн доллар (190 млн фунт) көлеміндегі қылмыстық айыппұлды төлеуге келісті. Алайда осы рейстерде 5 жыл бұрын қаза болған азаматтардың туыстары Boeing-ке адамдардың өлімі үшін жауапкершіліктен жалтаруына жол берген бұл істі қатты сынады.