Новости: мұнай компаниялары

мұнай компаниялары - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【мұнай компаниялары】 жаңалықтар Arbat media
arbat media
25 қараша 2024 / Новости Казахстана

Еділ Жаңбыршин: Каспиде итбалықтардың қырылуын ешкім түсіндіре алмай отыр

Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында депутат Еділ Жаңбыршин мұнай компаниялары шығарындылардың автоматты мониторинг жүйесін орнатуға құлықсыздығын сынады. «2023 жылдан бастап 1 категориядағы 9 ірі мұнай компаниясы зияндаушы көздерге автоматтандырылған мониторинг жүйесін орналастыру қажет еді. Алайда, бүгінгі таңда тек 5 компания ондай жабдықты толық іске қосты. Екеуінде қосу жұмыстары жүріп жатыр, екеуі әлі іске қосқан жоқ. Атап айтсақ «Петро Казахстан Ойл Продактс» ЖШС, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның Жанажол мұнайгаз өңдеу кешені», — деді ол. 

arbat media
24 шілде 2024 / Новости Казахстана

Маңғыстауда мұнай компанияларының басшылары ұсталды

Маңғыстау облысының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп мұнай-газ саласының жекелеген кәсіпорындарының қызметінде тексеру жүргізуде, дейді өңірлік прокуратураның баспасөз қызметі. «Ойл Транспорт Корпорейшн» ЖШС лауазымды тұлғалары бюджет қаражаты есебінен 700 млн теңгеден астам сомаға мердігер компанияның шығыстарын негізсіз өтегені анықталды. Бұдан басқа, мердігерлерге нақты көрсетілмеген көлік қызметтері үшін 2,2 млрд теңге аударылған.