Нартай Аралбайұлы

Нартай Аралбайұлы - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Нартай Аралбайұлы】 жаңалықтар Arbat media
Вчера, 16:00 / Новости Казахстана

Нартай Аралбайұлы: Ешкім баласын әскерut жібергісі келмейді

Amanat партиясы фракциясының мүшесі, депутат Нартай Аралбайұлы қазақ әскеріндегі қазіргі ахуал туралы сөз қозғап, ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа депутаттық сауал жолдады. Нартай Аралбайұлы бейбіт күнде қазақ сарбаздары түрлі дене жарақатын алып, тіпті кейбіреуі қайтыс болып жатқанын тілге тиек етті. «Бұл бір емес, бірнеше рет қайталанып жатқан жағдай. Осының салдарынан айыппұл салмақ түгілі айып тақсаң да ешкім бауыр еті баласын жастар жан тапсырған орта – әскер қатарына жібергісі келмейді», деп сөзін бастады депутат. Мәжілісмен келтірген сандық деректерге зер салсақ, соңғы үш жылда Қазақстанда 270 әскери қызметкер қайтыс болған, ал соңғы төрт жылда әскерде 86 суицид тіркелген. Тағы 20 әскери адам суицидке оқталған.