
17 қыркүйек 2024
/ Новости Казахстана
Несие алуға тыйым салу: eGov-та жаңа қызмет пайда болды
Енді ел азаматтары eGov.kz порталында көрсетілетін қызметтің көмегімен банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан шексіз уақытқа өз еркімен бас тарта алады. Бұған дейін несиелер мен микрокредиттерді беруге тыйым салу 6 айға белгіленіп, мерзімі өткеннен кейін автоматты түрде алынатын еді.