17 қазан 2024
/ Мир
Мәскеу облысында жоғары шенді ГРУ офицері оққа ұшты
Мәскеу облысында жоғары шенді ГРУ офицері оққа ұшты. Бір апта бұрын Украинадағы соғыстан оралған әскери адамның өлтірілгені туралы мемлекеттік БАҚ қауіпсіздік күштеріне сілтеме жасап хабарлады. РБК-ның хабарлауынша, әңгіме Ресей қарулы күштері арнайы операция күштердің оқу орталығы қолбасшысының орынбасары Никита Кленков туралы болып отыр. Мәскеу түбіндегі Меленки ауылында көлігінде атып өлтірілген.