22 тамыз 2024
/ Мир
Дональд Трамп митингте оқ өтпейтін әйнек артында тұрып сөйледі
АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп өзіне қастандық жасалғаннан кейін алғаш рет ашық митинг өткізді. Саясаткердің оқ өтпейтін әйнек артында тұрып сөйлегенін C-SPAN жариялаған кадрлардан көруге болады. Митинг Солтүстік Каролина штатының Эшборо қаласында өтті. Республикалық кандидатты төрт әйнектен тұратын оқ өтпейтін панельдер қорғап тұрды: біреуі алдыңғы жағында және үшеуі артқы жағында. Бұған дейін америкалық БАҚ экс-президенттің басында болған оқиғадан кейін АҚШ құпия қызметі қауіпсіздік шараларын қабылдайтынын хабарлаған болатын.