11 шілде 2024
/ Новости Казахстана
Елімізде республикалық орфографиялық комиссия құрылады
Тіл саясаты комитеті «ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереже «республикалық орфографиялық комиссия құру және оның қызметін қамтамасыз ету» тармақшасымен толықтырылады. Комитет ғылыми негізделген нұсқада қазақ тілінің орфографиясын әзірлеу және бекіту үшін арнайы орфографиялық комиссия құру қажет екенін алға тарт ып отыр. Себебі, қазіргі кезеңде қазақ тілінің орфографиясын жүйелеу аса маңызды мәселе.