10 сәуір 2024
/ Мир
Ресейдегі су тасқыны: Орск маңындағы Жайық өзенінің деңгейі 35 см-ге төмендеді
Орск маңындағы Жайық өзенінің деңгейі 35 см-ге төмендеп, су қала аудандарынан алыстап барады, деді қала әкімі Василий Козупица. Су басу аймағында барлығы 6929 тұрғын үй болды, 1485 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Орынбор облысында су тасқынының шарықтау шегі тек 10 сәуірде болады деп күтілуде.