26 шілде 2024
/ Новости Казахстана
Су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу тәртібі өзгереді
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқыны салдарынан туындаған күрмеулі мәселелерге ден қою проблемаларын талдау бойынша кеңес өткізді. Кеңесте төтенше жағдай кезінде жедел ден қою үшін республикалық және өңірлік штабтардың өкілеттіктерін кеңейту, техника мен жабдықтарды тасымалдау тетігі, сондай-ақ табиғи апаттар кезінде мүлікті сақтандыру мәселелері талқыланды.