өтінім

өтінім - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【өтінім】 жаңалықтар Arbat media
14 тамыз 2024 / Новости Казахстана

«ҮРКЕР» - 2024 Ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды

Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «ҮРКЕР» – 2024 ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды.  Медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық, өңірлік және халықаралық радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар байқауға қатыса алады. Өтінімдер 2024 жылдың 13 тамызынан бастап 1 қыркүйекке дейін қабылданады. Конкуртық жұмыстар 2023 жылдың 7 тамызы мен 2024 жылдың 11 тамызы аралығында республикалық, өңірлік және халықаралық баспа және интернет-басылымдарда жариялануы немесе радиоэфирде шығуы тиіс. Әр үміткер байқаудың тек екі номинациясына қатыса алады. 

22 шілде 2024 / Новости Казахстана

«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылданып жатыр

Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармаларды қабылдау жалғасады деп хабарлайды. Ұлттық әдеби сыйлық отандық қаламгерлерді мемлекеттік қолдау және қазақ әдебиетінің дамуына ықпал ету мақсатында үшінші рет өткізіледі. Ұлттық сыйлыққа «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік әдеби аударма», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік әдеби сын», «Үздік комикс» номинациялары бойынша бұрын жарияланбаған туындылар қабылданады. 

5 шілде 2024 / Новости Казахстана

1-сыныпқа қабылдауға 270 мыңнан астам өтінім берілді

1-сыныпқа өтінімдер қабылдау 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.Бүгінге дейін 275 177 өтінім келіп түсті. Бірінші сыныпқа оқушыларды қабылдау бойынша Ақмола, Алматы, Жетісу, Павлодар облыстары 100% көрсеткішке қол жеткізген. 

30 қаңтар 2024 / Новости Казахстана

Жастарға арналған баспана

Астанада «Елорда жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады. Жеңілдетілген несие 35 жасқа дейінгі мұғалімдер, дәрігерлер, журналистер, мәдениет, спорт, әлеуметтік және коммуналдық қызметкерлерге беріледі. Ол үшін жастар құжаттарын биыл 1-6 ақпан аралығында өткізуге тиіс.

6 қаңтар 2024 / Новости Казахстана

Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа өтінім қабылдау басталды

Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа өтінім қабылдау басталды. Мемлекеттік сыйлық ҚР азаматтарына және шетелдіктерге Қазақстан мәдениетінің дамуына ерекше бағалы үлес деп танылған әдебиет пен өнер саласындағы аса үздік шығармалары үшін беріледі.