6 шілде 2024
/ Новости Казахстана
ҰБТ өткізу ережесіне тағы өзгерістер енгізілді
Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылы 28 маусымдағы бұйрығымен Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Құжатта шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарының түсушілерін қоспағанда, түлектер Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі) және екі бейіндік пән бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтетіні белгіленген. Қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары топтары бойынша даярлаудың ұқсас бағыттарына түсушілерді қоспағанда, Қазақстан азаматы саналмайтын ұлты қазақ адамдар оқу сауаттылығы (оқу тілі) және екі бейіндік пән бойынша ҰБТ тапсырады.