19 қыркүйек 2024
/ Новости Казахстана
Қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялау басталды
Қазақстанда қыздарды жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы – адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау басталды. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 11 қаулысына сәйкес 11 жастағы қыздар жоспарлы тәртіппен вакцинациялауға жатады. Сондай-ақ 12-13 жастағы қыздарға да қосымша иммундау жүргізіледі. Аталған екпе мектептердің медициналық кабинеттерінде ата-аналардың немесе заңды өкілдердің келісімінен кейін ғана жүргізіледі. Сондай-ақ ата-аналардың қалауы бойынша вакцинация қыз бала тіркелген жердегі емханаларда да жүргізілуі мүмкін.