16 маусым 2024
/ Новости Казахстана
Адамзат дамуы АЭС-ке байланып тұр
Жыл асқан сайын әлемде энергия тапшылығы артып жатыр. Елдегі энергия жүйесінің бәрі дерлік кеңес одағы кезінде құрылған. Қазір күрделі жөндеуді қажет етеді. Оған қоса, парникті газдың шығарындылары экожүйеге, инфрақұрылымға, адамның өмірі мен денсаулығына қатер төндіріп тұр. Осы сын-қатерге жауап ретінде және аталған тәуекелді бәсеңдету мақсатында әлем елдері Париж келісіміне келді.