31 қазан 2024
/ Новости Казахстана
Ақтауда пәтерлерді тазалау сылтауымен тонаған ұрылар ұсталды
Ақтауда ер адам мен әйел жалған клинингтік қызмет көрсетіп, 8 пәтерді тонап кеткен. Күдіктілердің бірі бұрын есірткі сақтап, ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотты болған 39 жастағы ақтаулық екені анықталды. Ал қолға түскен екінші тұрғын оның 43 жастағы танысы болып шықты.