13 қараша 2024
/ Новости Казахстана
Қаңтар оқиғасы бойынша жеткізілген азаматты азаптаған полиция қызметкері сотталды
Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кінәні мойындау туралы процестік келісімінің негізінде Қаңтар оқиғалары кезінде жеткізілген адамға азаптауды қолданғаны үшін (ҚК-нің 146-бабы) айыптау үкімін шығарды. Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеп-тексерді.