13 қазан 2024
/ Новости Казахстана
Биыл елімізде 3,8 млн бала профилактикалық тексеруден өтті
Қазақстанда қаңтар мен қыркүйек аралығындағы кезеңде 18 жасқа дейінгі 3,8 млн.бала профилактикалық тексеруден өтті. Туған сәттен бастап 6 жасқа дейін скринингтің 4 түрі жүргізіледі, бұл жаңа туған нәрестеде фенилкетонурия мен туа біткен гипотериозды анықтауға бағытталған неонаталдық, есту қабілетінің бұзылуын анықтауға арналған аудиологиялық, шала туған нәрестелердің ретинопатиясын анықтауға арналған офтальмологиялық және психофизикалық скрининг.