Енді псориазды инновациялық емдеу тегін жүргізіледі
Халықаралық псориаз қауымдастықтары Федерациясының (IFPA) бастамасымен 29 қазанда Дүниежүзілік псориаз күні атап өтіледі. Ол псориазбен ауыратын пациенттерді қолдауға және бұл ауру туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Бүгінде елімізде өңірлік дерматовенерологиялық қызметтердің мәліметтеріне сәйкес «псориаз» диагнозы қойылған 6925 науқас ресми тіркелген. Олардың шамамен 30%-ы аурудың орташа және орташа ауыр түрлерімен ауырады. Дерматологтардың айтуынша, псориаз кез-келген жаста, соның ішінде балаларда да болуы мүмкін. Онымен әйелдер де, ерлер де бірдей ауырады. Аурудың себептерінің бірі - генетикалық бейімділік. Псориазды толығымен емдеу мүмкін емес, бірақ уақтылы және дұрыс таңдалған терапия оны бақылауға алып, тұрақты ремиссияға қол жеткізуге мүмкіндік береді.