12 қараша 2024
/ Новости Казахстана
Елімізде 68 млн-нан астам дәрілік зат қаптамасы таңбаланды
Биыл нарыққа 145 дәрілік затты өткізуге рұқсат берілмеді. «Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында 6 891 дәрілік зат пен мен 13 мыңнан астам медициналық құралдар мен жабдықтар тіркелген. Елімізде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы құралдарға зертханалық сараптама жасау бойынша 3 зертхана жұмыс істеп жатыр. Бұл зертханалар дәрінің сапасына, қауіпсіздігіне және тиімділігіне сараптама жүргізеді. Сараптама қорытындасы бойынша дәрі-дәрмектің қойылған талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты жыл басынан бері нарыққа 145 дәрілік зат немесе берілген өтінімдердің 2,6%-ы енгізілмеді», - деді ҚР Денсаулық сақтау министр Ақмарал Әлназарова.