8 маусым 2024
/ Новости Казахстана
Демографиялық үрдістің зейнетақыға әсері
Зейнетақы жүйесінің демографиялық өзгерістерге бейімділігін, болашақтағы зейнеткер буынның жайлы өмір сүруін қамтамасыз етуде, сондай-ақ қаржылық тәуекелдерді бейтараптандыруда жинақтаушы компонентті нығайту маңызды фактор саналады. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін Әлеуметтік кодексте жұмыс берушінің 5 пайыз мөлшеріндегі міндетті зейнетақы жарналарын биылдан бастап кезең-кезеңімен енгізу көзделген.