27 қыркүйек 2024
/ Мир
Еуропада қасқырды ату оңайырақ болады
Еуропада қасқырды ату оңайырақ болады. Еуроодақ елшілерінің отырысында Германия қасқырларды қорғау мәртебесін төмендету туралы ұсынысты қолдады. Шешім Еуроодақ елдерінің көп дауысына ие болды, деп таратты Politico. Ұлттық билік органдарына малға қауіп төндіретін жануарларды жою туралы бұйрық шығаруда икемділік беру үшін қасқырдың мәртебесі «қатаң қорғалған» күйден жай «қорғалған» күйге өзгертіледі.