4 маусым 2024
/ Новости Казахстана
Қазақстан Беларуське 105 тауар позициясы бойынша экспортты ұлғайтуға дайын
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысу мақсатында Минскіге барды, деді Үкіметтің баспасөз қызметі. Сапар барысында Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Роман Головченкомен екі мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері бойынша кездесу өтті.