23 ақпан 2024
/ Новости Казахстана
Қаржылық сауаттылыққа үйрететін сайт ашылды
AMANAT партиясының баспасөз орталығында Qogamfin.kz платформасы таныстырылды. Бұл ресурс «Қарызсыз қоғам» жобасының аясында, елдегі екінші деңгейлі банктердің демеушілігімен әзірленген. Мақсаты – қарызы көбейіп, қайтара алмай жүрген адамдарға қаржылық сауаттылық әліппесін үйретіп, қажет дегендерге заңгердің көмегін тегін ұсыну.