13 қыркүйек 2024
/ Новости Казахстана
Қазақстан Иракқа сиыр мен қой етін экспорттамақ
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Ирак Республикасының Қазақстан Республикасындағы уақытша сенімді өкілі Джабер Нажма Адбуллах Әл-Темимимен кездесті. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі мәлім етті. Вице-министрдің мәліметінше, 2023 жылы ҚР мен Ирак арасындағы АӨК өнімдерінің тауар айналымы 1 млн долларды, 2024 жылғы қаңтар-шілдеде 672 мың долларды құраған. Ал, ҚР-дан Иракқа экспорт 2024 жылғы қаңтар-шілдеде 640 мың доллардан асқан. Негізінен Иракқа пияз, күріш, ұн, ірі қара және ұсақ мал майы экспортталады.