9 шілде 2024
/ Мир
Астрахань, Воронеж, Волгоград, Белгород, Ростов облыстарына шабуыл жасалды
Астрахань, Воронеж, Волгоград, Белгород және Ростов облыстарына ұшқышсыз ұшақтар шабуыл жасады. Ростов облысының губернаторы Василий Голубевтің айтуынша, бірнеше ондаған ұшқышсыз ұшақтардың шабуылы түнгі сағат екілер шамасында басталған. «Нәтижесінде Родионово-Несветайский ауданында электр қосалқы станциясында екі трансформатор өртеніп кетті».