19 қыркүйек 2024
/ Новости Казахстана
Үш миллионнан астам бала қосымша білім берумен қамтылады
2024-2025 оқу жылында елімізде 3 млн-нан астам бала қосымша білім берумен қамтылады деп жоспарлануда. Қазір елімізде 1713 мектептен тыс ұйым әр бағыттар бойынша 380 үйірме түрін ұсынады: ғылыми-техникалық, музыкалық, көркем-эстетикалық, экологиялық-биологиялық, туристік-өлкетану, әскери-патриоттық, әлеуметтік педагогикалық және тағы басқалары. Республикалық және өңірлік деңгейлерде 15 жобалық кеңсе, дебаттар мен өзін-өзі басқару штабтары, оқушылар мен студенттердің 20 дебаттық лигасы құрылып, балалардың сыни ойлау және көшбасшылық қабілеттерін дамытуда.