30 мамыр 2024
/ Новости Казахстана
Qazaq air әуе компаниясын кім сатып алды?
Мәжіліс алаңында Көлік министрі Марат Қарабаев Qazaq Air әуе компаниясының сатылуына қатысты пікір білдірді. «Әуе компаниясының сатылымынан бастайық. Бұл VietJet Air компаниялар тобы, оның қазірдің өзінде 184 ұшағы бар және бұл компанияның бірнеше міндеттемелері бар. Бірінші міндет - Qazaq Air-дің 38 миллиард теңгені құрайтын қарызын толығымен жабу. Екінші маңызды міндет – Қазақстанда қосымша 20 ұшақты тіркеу».