16 сәуір 2024
/ Новости Казахстана
Ақтөбеде тағы бір ауылдың халқы эвакуацияланып жатыр
Ырғыз ауданында Құйлыс ауылының тұрғындарын эвакуациялау жұмысы басталды. Мұнда 500-ден астам адам тұрады.Ырғыз ауданында бұған дейін Нұра, Мамыр және Белшер ауылдарынан 900-ге жуық адам эвакуацияланды. Қазіргі кезде Мамыр мен Нұра ауылдарына су кіргені белгілі. Енді төтенше жағдайлар қызметі, жергілікті атқарушы орган өкілдері мен еріктілер Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарын судан қорғау үшін жағалауды бекітіп, құм толы қап төсеп жатыр.