Құрметті азамат

Құрметті азамат - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Құрметті азамат】 жаңалықтар Arbat media
15 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Тоғыз адам Алматы қаласының құрметті азаматы атанды

Мегаполис тұрғындары дәстүр бойынша қыркүйектің үшінші жексенбісінде Қала күнін атап өтіп жатыр. Алматының әр жерінде мерекелік іс-шаралар – концерттер, көрмелер, флешмобтар, фестивальдер және басқа да көптеген шаралар ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шаралар Абай алаңында өткен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты отбасылық фестивальден басталып, қала әкімі Ерболат Досаев алматылықтарды құттықтады. 

10 қыркүйек 2024 / Мир

Германияда оқушылар Гитлерді өз қаласының құрметті азаматы атағынан айыруды талап етті

Германияда ектеп оқушылары Гитлерді өз қаласының құрметті азаматы атағынан айыруды талап етуде. «Үшінші рейх» кезінде Германияның 4000 қаласы «фюрерге» құрметті азамат атағын берген. Боннға жақын орналасқан Бад Хоннеф қаласының оқушылары анықтағандай, оның есімі әлі де бұл тізімде. Мектеп оқушыларының бастамасымен қала тұрғындарының 5 пайызы Гитлерді құрметті азамат атағынан айыру туралы өтінішке қол қойды. Енді қала мәслихаты бұл ұсынысты дауысқа салуы керек. 

29 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Нұрлан Өнербаев Түркістан облысының Құрметті азаматы атанды

Түркістанда Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Айбары мықты – Ата Заң» іс-шарасы өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, өңірдің жетістіктері туралы баяндама жасады. Сонымен қатар тұрғындарды мерекемен құттықтады.

11 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Демеу Жадыраев Жетісу облысының Құрметті азаматы» атанып, баспаналы болды

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Парижде өтіп жатқан ХХХІІІ Олимпиаданың күміс жүлдегері, палуан Демеу Жадыраевты қабылдап, «Жетісу облысының Құрметті азаматы» төсбелгісін тақты. Анасы Күлипа Бижановаға салтанатты түрде құрмет көрсетіп, Жаркент қаласынан жаңа үйдің кілтін табыстады.