17 қазан 2024
                                                                /  Мир
                                                                                                                    
                                                        Ресейде шетелдіктердің уақытша тұру квотасы екі есе қысқартылды
Ресейде шетелдіктердің уақытша тұру квотасы екі есе қысқарды. Ресей үкіметі 2025 жылы елде шетелдіктердің уақытша тұруына 5500 рұқсат беру квотасын бекітті – бұл 2024 жылға бөлінген квоталар санының жартысына жуығы, деп жазады ТАСС мемлекеттік агенттігі. Квота өңірлер арасында олардың өтінімдеріне сәйкес бөлінетіні түсіндірілді.