20 қазан 2024
/ Новости Казахстана
Аймақтарда қысқы дөңгелек ауыстыру қанша тұрады
Солтүстік өңірлерінде көлік жүргізушілері қыс мезгіліне сай доңғалағын ауыстыруды бастап кетті. Шинамонтаж қызметі қанша тұрады? Мамандар қазірден-ақ көліктің дөңгелегін ауыстырып, қысқа дайын болған жөн деп отыр. Бұл тек ақшаны емес, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Жазғы және қысқы дөңгелектің айырмашылығы — оның химиялық құрамы ыстық және суық ауа температурасына лайықталып жасалғанында. Жазғы дөңгелек қатты, нығыз болады. Шіліңгір ыстықта асфальтта формасын жоғалтпайды. Тежегішті шұғыл басқан сәтте сол қасиетінің арқасында балқып кетпейді.