2 маусым 2024
/ Новости Казахстана
Президент балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығына тарту жасады
Президент Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығын аралап көрді. Қасым-Жомарт Тоқаев Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының жаңа корпусымен танысты. Жаңа ғимарат Emergency халықаралық стандартына сай салынған әрі триаж жүйесіне сәйкес тәулігіне 500-ден аса науқасты қабылдай алады. Орталықта 26 төсек орынға есептелген реанимация және қарқынды терапия бөлімі, диагностика бөлімі және 4 операция блогы бар.