11 қыркүйек 2024
/ Новости Казахстана
Ресей мұнайы Венгрия мен Словакияға кетіп жатыр
Ресей Федерациясының мұнайы «Дружба» мұнай құбырының оңтүстік тармағы арқылы Венгрия мен Словакияға өтуін жалғастырады. Венгриялық мұнай-газ тобы MOL бұл туралы мұнай жеткізушілермен және құбыр операторларымен келісім жасасты. Будапешт бұл Украина мен ЕО санкцияларына қайшы келмейтінін айтады. Украиналық «Укртранснафта» мен ресейлік «Транснефть» арасындағы келісім-шартқа сәйкес, Украина 2029 жылға дейін ресейлік мұнайды айдауды жалғастырады.