29 қыркүйек 2025
/ Новости Казахстана
Әнші Рүстем Жүгінісов айыппұл арқалады
Әнші Рүстем Жүгінісовке әкімшілік құқықбұзушылық үшін 79 мың теңге айыппұл салынды. Бұл шешімді астанадағы әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша мамандандырылған ауданаралық сот шығарды. Сотта әншінің екі оқиғасы қаралды, деп хабарлайды Arbat.Media.