30 қыркүйек 2024
/ Новости Казахстана
СҚО-дағы Сәбит Мұқановтың ауылы құрып кетудің аз-ақ алдында тұр
Қазақ әдебиетінің классигі, жазушы-ақын Сәбит Мұқановтың есімі берілген Солтүстік Қазақстан облысындағы ауыл құрып кетудің аз-ақ алдында тұр. Бұрын тыныс-тіршілігі қайнап жататын елді мекенде қазір бес-ақ үй қалған. СҚО Жамбыл ауданы Сәбит ауылы Петропавлдан 200 шақырымдай жерде орналасқан. 2009 жылғы санақ кезінде мұнда 155 тұрғын болса, қазір небары бес-ақ үй қалған. Оның өзі көшкелі отыр.