19 шілде 2024
/ Новости Казахстана
Алматыда сальмонеллезбен сырқаттану 2 есе өсті
Алматыда бірінші жартыжылдықта сальмонеллезбен ауырған 32 жағдай тіркелсе, оның 8-і баладан анықталған. Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықованың айтуынша, 100 мың тұрғынға шаққандағы сальмонеллезбен ауыру көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе өсті.