19 тамыз 2024
/ Новости Казахстана
Маймыл шешегі елге еніп кетпес үшін жасалып жатқан шаралар
Бүгінде Қазақстанда маймыл шешегінің бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ. Денсаулық сақтау министрлігі инфекцияны елге әкелудің алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдады. Әуежайлар мен шекара өткелдерін қоса алғанда, санитариялық-карантиндік пункттерде бақылау шаралары күшейтілді. Маймыл шешегі тіркелген елдерден келген азаматтарға назар аударылады.Инфекцияның ықтимал таралуын болдырмау үшін Денсаулық сақтау министрлігі эндемиялық елдерге сапар шегуді жоспарлап отырған азаматтарға келесідей сақтық шараларын сақтауды ұсынады.