Сегодня, 11:34
/ Новости Казахстана
Саран қаласының әкімі қызметінен босатылды
Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов қызметінен босатылды. Ол жайлы Қарағанды облысының әкімдігінде мәлім етті. «Қарағанды облысы әкімінің өкімімен Саран қаласының басшысы Еркін Баулықов қалада жылу беру маусымының басталуында олқылық жібергені үшін атқаратын қызметінен босатылды. Қала басшысы міндетін уақытша осыған дейін Саран қаласы әкімінің орынбасары болған Мақсат Қайрешов атқаратын болады», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.