31 мамыр 2024
/ Новости Казахстана
Қазақстаннан Еурокомиссияның ұшу қауіпсіздігінің қара тізіміндегі барлық шектеу алынды
Биыл 15 мамырда Еуроодақтың 27 елінің авиациялық билік өкілдерінің қатысуымен Еуропалық комиссияның Ұшу қауіпсіздігі комитетінің отырысы өтті. Комитет отырысы барысында ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев бастаған Қазақстанның авиациялық билік делегациясы елдегі ұшу қауіпсіздігі жөніндегі істердің ағымдағы жай-күйі туралы тыңдады. Қазақстан Республикасының Бельгиядағы Елшілігінің қолдауымен комитет отырысы барысында қазақстандық делегация бұрын нықталған ескертулерді жою бойынша қолданылған шараларды ұсынды, оларды Еуропалық комиссия оң бағалады.