15 сәуір 2024
/ Sport
Соня Жиенбаева Түркиядағы турнирдің чемпионы атанды
Қазақстандық 18 жастағы теннисші Соня Жиенбаева Анталия (Түркия) ITF W15 турнирінің финалында жеңіске жетіп, чемпион атанды. Дүниежүзілік рейтингіде 1 246-орында тұрған қазақстандық теннисші әлемнің 525-ракеткасы, түркиялық Йорук Илаймен бас жүлдені сарапқа салды. Жиенбаева тартысты өткен бәсекеде 7:6 (7:4), 6:4 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Соня ересектер арасында ITF жарысындағы алғашқы титулына қол жеткізді.