3 сәуір 2024
/ Новости Казахстана
Бишімбаев ісі: сотта мейрамханадағы бейнежазбалар көрсетілді
Сотта экс-министр Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы мейрамхананың фойесінде соққыға жыққан видеосы көрсетілді. Кадрлардан олардың лифттен қалай шыққаны, Бишімбаевтың Нүкенованы шашынан ұстап сүйрегені, қолмен ұрып, аяқпен тепкенін көруге болады. Кейін айыпталушы жерге сұлап түскен Нүкенованы тұрғызып, шашынан ұстап VIP кабинаға қайта кіргізген.